Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Д. Ерімбетов көшесінің бойындағы жылу жүйесінің құрылысымен танысты. Бүгінде жалпы ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу құбырының 4,1 шақырымы орындалған.

Ол осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген «Нұрсәт» шағынауданындағы АДЦ-160 Гкал қазандығына барып жалғанады. Осылайша мамандар жаңа қазандықтың артық қуатын қаланың орталық бөлігіндегі нысандарын жылытуға пайдалануды көздеп отыр.

Нысан құрылысын «Компания Нұрай Строй» ЖШС-і жүргізуде. Айта кетейік, қала басшысы әрбір құрылысты тікелей бақылауына алып, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қадағалауға алған.

Мөлдір Ибадуллаева