Шымкент: Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

114

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

 

22.10.2021. № 32

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №36), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №38), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №42), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №43 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №43), «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі №44 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №44), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №47 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №47), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының 2021 жылғы 24 тамыздағы және 2021 жылғы 21 қыркүйектегі хаттамалары, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 25 қырқүйектегі № 31 қаулысына (әрі қарай — Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысының 3.11. тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«3.11. демалыс күндері — «Ashyq» жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмысына — сағат 01:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына — сағат 03:00-ге дейін қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат.
Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль вокзалдарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО — ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды»;
2) Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысының 3.12. тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«3.12. «Ashyq» жобасына қатысатын бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 01:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 03:00-ге дейін шектей отырып рұқсат етілсін»;
3) Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысының 5.1. тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5.1. бетпердені кию (халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын»;
4) Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысына 1-қосымшасының 50 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
№ Объектілер/салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
50. Түнгі клубтары Тыйым салу Қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ толтыруы 70 орыннан асырмай

2. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
3. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойғанан бастап қолданысқа күшіне енеді.

А.Тулебаев

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері