Ағымдағы жылдың 4 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінге дейін 2173 қару иесі және 31 күзет агенттігі тексерілді.

Іс-шара барысында отты қаруды, суық қаруды және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің 7 жайты анықталды. Сондай-ақ, қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзудың 51 жайты анықталды.

13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жанерке Хумар