Үшінші мегаполисте әр адам басына 5-6 шаршы метр жасыл желектен келеді. Ал Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 4-5 есеге артық. Осылай деген қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін жеткізді.
Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондықтан Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына және мегаполисті көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады деп жоспарланып жатыр екен. Ал қазіргі таңда қала бойынша 8 саябақ пен 39 гүлзар бар.
Мөлдір Ибадуллаева