Түркістан – жасыл қала

63

Облыс орталығы Түркістанды көгалдандыру шаралары жалғасуда. Шаһардағы демалыс аймақтарындағы жасыл желекті аптап ыстықта куратып алмай, жайқалып өсуіне жағдай жасауда коммуналшылар аянбай еңбек етуде.

Олар саябақтағы секторларға бөлінген аймақтарда газондарды қырқып, ағаштар мен бұталарды суғаруда. Сонымен бірге демалыс аумағында тазалық шаралары да қолға алынған.

Закир Камалов, Түркістан қаласындағы коммуналдық мекеменің өкілі: «Таңнан бері тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Ағаштар, гүлдерді суарып,  арнайы техникамен газондарды тегістеп қырқып. Айта кететін жәйт, жерлестеріміз бен  қонақтарымыздың  мәдениеттілігі  қазіргі жақсы,  тазалықты сақтайды. Қоқысты арнайы жәшіктерге апарып тастайды. Біз де, өзімізге  жүктелген міндеттерді  толық орындауға тырысып жатырмыз»