Еңбекші ауданы халқының тұрмысы жақсарды

150

Тәуелсіздік жылдарында Еңбекші ауданы тарихында бұрын-соңды болмаған игілікті істер атқарылып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Әлеуметтік нысандардың қатары көбейіп, ауданда жаңадан келбетті ғимараттар бой көтерді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында аудан аумағында 2012 жылдан бері 70 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 14 үйге күрделі жөндеуге 471 млн-ға жуық қаржы қаралып, жұмыстар жалғасуда. Еңбекші аудандық әкімдігінің тұрғылықты халық арасында және қала әкімдігіне қарасты басқармалар, коммуналдық мекемелермен жүргізген үйлесімді жүйелі жұмысының арқасында аудан аумағы жылдан жылға көркейіп келеді. Тәуелсіздік жылдары көпқабатты 565 үйдің аулалары аббаттандырылып,Шымкентте спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды заман талабына сай балалар алаңшалары пайдалануға тапсырылды. Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында аудан аумағында 103 ашық спорт алаңшалары салынды. Бұл жұмыстар алда да жалғасады. Жасыл желекке оранған саябақтар мен гүлзарлар тұрғылықты халықтың демалатын сүйікті орындарына айналған. Аудан аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау және баптау міндеттері «Билд строй» серіктестігіне жүктелген. Ағымдағы жылы аталған мекеме қызметкерлерімен 13 мыңнан астам ағаштарды санитарлық қырқу, 65 мыңға жуық талдарды әктеу және 13 мың раушан гүл көшеттері және 10 мыңнан астам көпжылдық гүл отырғызу, жасыл алаңшалар егу жұмыстары жүргізілді.

Шынар Оразова