Жазғы дизель отыны шамамен төрт процентке қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жанар-жағармайдың бұл түрі қыркүйекте орташа есеппен 206 теңгеден сатылған.

Тамыз айымен салыстырғанда баға өскен. Жалпы дизель бір жылда 20,5%-ке қымбаттады. Жанар-жағармай әсіресе Петропавловлда шарықтады. Литрі 223 теңгеге сатылған. Ал Түркістанда әзірге дизельдің бағасы 200 теңгеден аспады.

Мамандардың пікірінше, дизельдің қымбаттауына ішкі нарықтағы өнім тапшылығы әсер еткен.

Шынар Оразова