Азық-түлік 20 пайызға қымбаттады

65

Азық-түлік бір жылда 20 пайызға, ал өзге тауарлар 13 процентке қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының  мәліметіне сүйенсек,  әсіресе, қант 78 пайызға , орамжапырақ – 72, сарымсақ 69, ұн бағасы 33 процентке  көтерілген.

Қымбатшылық инфляция шарықтайтыны белгілі. Бір айда ол бір жарым пайызға өсіп, 14,5  процентке жетті. Ал ақылы қызметтер құны 9,2 пайызға өскен.

Шынар Оразова