Әкім: «Кемшіліктерді іздеп жүріп, түзетіңіздер»

108

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы егілген ағаштардың жағдайы мен бірқатар ғимараттың жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Күзгі ағаш отырғызу науқаны кезінде қалада жаңадан егілген көшет саны 170 мыңнан асты. Осы ретте Нұрбол Әбдісаттарұлы жасыл желекті суғару мәселесінің жеке бақылауында болатынын ескертті.

«Самал» мөлтек ауданында жылу жүйесі жаңартылған соң, канализация құдықшаларының дұрыс орнатылмауына қатысты тиісте мекемелерге ескерту жасап:
– Кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырма күтіп отырмай, мүмкіндігінше өздеріңіз анықтап жойыңыздар. Қандай жағдайда да ең алдымен елге ыңғайлы болуын қамтамасыз ету керек, – деді.