Ағымдағы жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 88,6 кг өлшенген 2 814 құйма сатылды.
Халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Көбіне алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие.
«Бағдарлама іске қосылғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 247 кг өлшенген 10 126 құйманы кері сатып алуға қабылдады, бұл жалпы құймалардың 15%-ын құрайды. Қабылданған құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің аумақтың филиалдарына қайтарылмастан халыққа сатылады», – делінген ақпарда.
Шынар Оразова