Атырау облысында алдағы бес жылда балық экспорты 13 мың тоннаға артпақ. Ал, тауарлы балық өсіру 10 тоннадан 7 мың тоннаға дейін жетуі тиіс.
Облыс аумағында 18 кәсіпорын балық аулаумен айналысады. Былтыр Жайық — Каспий бассейiнi бойынша 11 мың тоннадан артық балық ауланды.
Биылғы көрсеткіш 10 150 тонна. Экспорт та жыл сайын еселеніп келеді. Өңделген өнім Ресей, Украина, Әзірбайжан, Израильге экспортталды.
Шынар Оразова