Дизельге сұраныс 140 мың тоннаға артқан

179

Елімізде ай сайынғы дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 140 мың тоннаға артқан. Сондықтан Ресейден қосымша дизель отынын сатып алуға келісім жасалды.

Бұл туралы Атырауға барып, мұнай-газ кешені қызметкерлерімен кездескен Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Атырау мұнай өңдеу зауытында жыл басынан бері 935 738 тонна бензин, 1 млн 200 мың тоннаға жуық дизель отынын өнідірілген.

«Дизельдің тапшылғына басты себептің бірі – отын құны көрші елдерге қарағанда төмен», – деді министр.

Шынар Оразова