Биржадан криптовалюта сатып алатын инвесторларға арнайы шектеу енгізілді

21

Қазақстанда биржадан криптовалюта сатып алатын жеке инвесторларға арнайы шектеу енгізілді. Енді Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген инвесторлар айына мың долларға ғана цифрлық активтер сатып ала алады.

Бұл сомадан асып кеткен жағдайда азамат табысы мен активтері туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Оның өзінде сатып алған криптовалютаның құны жылдық кірісінің 10 пайызынан аспауы тиіс.

Жауаптылардың сөзінше, бұл жеке инвесторларды негізсіз шығынға батудан қорғайды.

Шынар Оразова