Еріктілер тоқылған киімдер мен нәрестелер жататын арнайы жабдықтарды облыстық №2 перзентхананың шала туылған балалар бөліміне тапсырды.
Кішкентай Нұрғисаның туылғанына екі апта болған. Отыз үшінші аптада дүниеге келген нәресте, бірден неонатология бөлімшесіне жатқызылған—онда шала туған нәрестелермен бірге ем алуда. Бүгін сәбиге ең жылы көрпе, жатын жәй, бас киім және шұлық сыйға тартылды.
Нұргүл Төренова, нәрестенің анасы: «Мен мерзімімнен бұрын босандым. Баламды дәрігерлер аман сақтап қалды. Қазір біз салмақ алып, жетіліп, үйге тез қайту үшін әрекет жасаудамыз».
Ирина Блинова, «Нити добра» клубының еріктісі: «Біз осы жолы шала туған балаларға арналған жылы жатын жабдығын тігу жобасын қолға алдық. Біздің өтінішімізді көптеген адамдар қолдады. Қыздар шала туған балаларға қандай қажетті заттар тоқуды біледі. Жүннің қылтығы шала туған балалардың үнемі қозғалыста болуын қамтиды. Нәтижесінде олар салмақ алып, тез жетіледі».
Гүлнара Сәпиева, №2 перзентхананың бөлім меңгерушісі: «Шала туылған нәрестелердің арасындағы ең кішкентайының салмағы 570 грамм. Жылдан жылға шала туылған нәрестелер саны өсуде. Өткен жылы туған сәбилердің жалпы санынан 16% шала туылса, биыл 10 айда бұл көрсеткіш 14,5% пайызды құрады».
Айта кетейік, бұл еріктілер жарты жыл ішінде 270 шала туылған баланы арнайы жылы киімдермен қамтыған.
Шынар Оразова