Қазақстанда қаржылық пирамида белгілері бар тағы бір компания анықталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша «River Coins Limited» деп аталатын фирма былтыр жаздан бері азаматтардан заңсыз ақша жинап келген.
Жүйесі қаржы пирамидасы секілді. Адамдар бір-бірін шақырып кіргізеді. Ақша салады. Бірақ тиынды жоғары жақтағылар алады. Компания елімізде тіркелмеген.
Ақша жинап, қаржылық операциялар жасауға лицензиясы да жоқ. Сондықтан, азаматтарды мына компаниядан аулақ болуға шақырып отыр. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
Шынар Оразова