Ағымдағы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 25,3 мың адам көшіп кеткен, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Ал Қазақстанда тұрақты тұруға 7246 адам көшіп келген. Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттері ішінде болып жатыр.
«ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2 және 86, пайызды құрады», — делінген статистикалық мәліметте.
Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2% артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысында.