«Шымкент-Антитеррор-2021» антитеррористтік жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

98

 2021 жылдың 23-24 қарашасы күндері ҚР Шымкент қаласының аумағында «Шымкент-Антитеррор-2021» антитеррористтік жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шымкент қалалық жедел штабы мүшелерінің, олардың жедел топтары мен арнайы бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы, терроризм актілерінің жолын кесу барысындағы жағдайды бағалаудағы іс-жүзіндегі дағдылары мен шеберліктерін арттыру болып табылды.

Жаттығулар әртүрлі күрделі тәсілдерді қолдана отырып, жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылды. Шымкент-Антитеррор-2021» оқу іс-шарасын өткізу барысында шектеу шаралары, оның ішінде автокөліктің қозғалысын шектеу де қарастырылды. Шымкент қаласының тұрғындарына өткізілген оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарағандықтары үшін алғыс білдіреміз.

QAINAR KÓZШымкент қалалық терроризммен күрес бойынша жедел штаб