Шымкентте көлік қағып кеткен 67 жастағы ер адам қайтыс болды

85

Шымкентте 67 жастағы ер адамды көлік қағып кетті. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында тіл тартпай көз жұмды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша зейнеткер жолдың рұқсат етілмеген аймағынан кесіп өткен. Оқиға 24 қараша күні Бадам 1 ықшамауданында кешкі сағат 21.00-де орын алған.

Белгілі болғандай, Daewoo Nexia көлігін тізгендеген жүргізуші 24 жаста. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, марқұм оқыс жағдай орын алған жердің жанындағы дүкенге бара жатқан екен.

Мөлдір Ибадуллаева