Түркістан: «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы ашылды

161

Түркістанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған орталық ашылды. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы Қазақстанның барлық аумағында бой көтеретін 17 орталықтың алғашқысы.

Айтулы шараның ашылу салтанатына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова, Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров арнайы келіп қатысты.

Бұл орталық іскер әйелдерге жеке бизнес жобаларды іске асыруда барлық қызмет түрлерінен қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, кәсіп иелері үшін оқыту тренингтері мен мастер-класстар ұйымдастыру, дайын өнімдерді нарыққа өткізу аясын кеңейту жағынан көмек көрсету де басты назарға алынған.

Айта кетейік, елімізде әйелдер басқаратын кәсіпорындар 42,3 пайызды құрайды.

Гүлдана Дәурен