Түркістан облысында қайта екпе егу науқаны басталды. Ревакцинациялау ең алдымен мұғалімдерге, дәрігерлерге, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне және 60 жастан асқан адамдарға жүргізіледі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Айтуынша, вакцина салғаннан кейін ағзада шамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Ал антидене вирусты анықтап, онымен күресу қабілетіне ие болады.
Алайда, уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек дейді мамандар.
Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ревакцинацияны кем дегенде жарты жылдан соң салдыру керектігін мәлімдеген еді.
Мөлдір Ибадуллаева