№25 қаулы жарық көрді

122

Шымкентте жыл басынан бері коронавирус инфекциясымен ауырған 6 901 жағдай тіркелген. Қазіргі таңда әлемде вирустың жаңа түрі пайда болуына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарының 2022 жылғы №2 қаулысына өзгеріс енгізіліп, жаңа №25 қаулы шықты. Қаулыда ревакцинация тәртібі қайта қаралып, Қазақстан азаматтары мен елде 3 ай болған шетелдіктерді тағы да ревакцинациядан өткізу қарастырылған.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық СЭБД басшысының орынбасары: «23 мамыр күні ҚР Бас мемлекететтік сагнитарлық дәрігерінің №25 қаушылсы шықты. Ол коронавирусқа байланысты ревакцинация жасау және қайта ревакцинация жасау туралы. ҚР өмір сүретін 12 жастан асқан әрбір адам және шетелден келіп 3 айдан артық тұрған шетел азаматтары коронавирусқа арқсы қайта ревакцинация ала алады. Яғни, бұған дейін 1 рет ревакцинация алса, 6 айдан соң қайта ревакцинация алады».

Қазақстандықтар бұған дейін прафилактикалық екпенің алғашқы дозасын салдырғаннан кейін 6 ай өткен соң ревакцинацияланған еді. Алайда вирустың таралу қаупі жоғары болғанына байланысты қайта ревакцинациядан өткізу жоспарланып отыр. Ал бүгінге дейін толық антидот қабылдаған мегаполис тұрғындарының саны 300 мыңнан асқан. Айта кетейік, қазір Шымкентте екпенің «Каз.Вак», «Файзер», «Спутник» түрлері қол жетімді.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қалалық СЭБД басшысының орынбасары: «Жалпы Қазақстан бойынша Қаулының талаптарынада ревакңцинация және қайта ревакцинацияға жататын тәуекел топтар белгіленген болатын. 1 мен 2 компонентті халықпен тығыз жұмыс жасайтын сол топтар алған болатын. Солардың енді қайта ревакцинацияны алуы бекітіліп отыр. Олар, медицина қызметкерлері, Мед-әлеуметтік мекемелер персоналы, күш құрылымдары қызметкерлері, педагогтар, 50 жастан асқан адамдар алады».

Әсел Мәлік