Жанар-жағармай тағы қымбаттады. Алматыдағы бекеттерде өткен аптада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 179 теңгеге дейін өскен.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармайдың 3 теңгеден 8 теңгеге дейін шарықтағанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда АИ-92 бензинінің литрі 173-179 теңге, Қарағандыда 176-180 теңгеден саудаланып жатыр.
Әзірге жанармай тек Атырау облысында арзан. Литрі 166 теңге шамасында. Шымкентте АИ -92 бензинінің литрі 172-178 аралығында.
Шынар Оразова