Ағымдағы жылы 1 миллион 200 мың адам жұмыспен қамтылған. Цифрлық үкімет кеңсесіндегі мәлімет бойынша, жоспар 100 пайызға орындалған.
Оған ауқымды бағдарламалардың тиімділігі әсер еткен. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 689 мың адамға көмек көрсетілді. 400 000 тұрақты жұмысқа тұрды. Ал 31 адамға гранттар мен микрокредиттер берілді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы да ойдағыдай іске асып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша 29 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Әрі 240 инфрақұрылымдық және 40 инвестициялық жоба әзірленді.
Сондай-ақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы 286 мың адам жұмысқа орналастырылған.
Шынар Оразова