Ерекше жоба: Әр отбасыға 100 бас ірі қарадан

223

Әр отбасына жүз бас ірі қарадан. Қостанай облысында ерекше жоба қолға алынды.

«1000 отбасылық ферма» деп аталатын бастаманы жергілікті агрокомпаниялардың бірі жүзеге асырмақ. Мұндағы мақсат – мал басын көбейтіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру. Әзірге бұл игі іске жеті отбасы іріктеліп алынған.

Бастаманың ерекшелігі, біріншіден, бұл жаңа жұмыс орындары. Екіншіден, ауыл экономикасына серпін береді. Бұған дейін мемлекеттің «Еңбек» бағдарламасымен несие алып мал өсіріп кәсіп ашқандар болды. Енді осы жобаның арқасында олардың қатары толыға түсті.

Шынар Оразова