Келер жылы елімізде электр энергиясының тапшылығы болады.
Өйткені тапшылық биыл сезіле бастады. Бұған биткоин өндірісіне көп энергияның жұмсалуы себеп. Тіпті министрлік майнингтік фермаларға тоқты шектеу керектігін айтқан. Оның үстіне стансалардың және желілердің әбден ескіруінен өндірілген электр энергияның 18 пайызы далаға кетіп жатыр. Сол үшін сарапшылар мәселені жүйелі түрде шешу керек дейді
Айтуларынша салаға мол инвестиция қажет. Немесе тарифті қымбаттатып, қосылған ақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қуатты көбейту қажет
Шынар Оразова