Білім беру
Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.
Қаламызда 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары болып табылады.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясы 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді:
Біріншіден,
➢ Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі:
2020 ж. – 13 мектеп;
2021 ж. – 10 мектеп;
2022 ж. – 9 мектеп;
2023 ж. – 10 мектеп.
➢ 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді;
➢ 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі.
Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі.
Екіншіден,
➢ Білім сапасын жақсарту мақсатында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін 30%-ға дейін артуына ықпал етеді;
➢ Кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін, орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқу жүйесі енгізіліп, шәкірттер озық үлгідегі әдістермен оқытылады;
Үшіншіден,
➢ Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2020-2021 оқу жылында мектептерге 15 075 дана компьютер, 18 000 дана партаға қаржы бөлінеді;
➢ 30 мектепке турникеттер орнатылады;
➢ 17 мектепке спорт алаңдары және 36 мектептер ішкі әжетханалармен қамтылады;
➢ Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды материалдық көмекпен 100 пайыз қамтуға жәрдемдеседі (оқушылар үшін: тегін жол жүру, кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету).
Нәтижесінде ҰБТ көрсеткіші – 92 балға, «алтын белгі» иегерлері 700 балаға, грант иелерінің үлесі 70 пайызға дейін жеткізуді жоспарлаймыз.
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНАН.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!