Әуе компанияларында жүк тасымалдау тарифі биыл 25 пайызға қымбаттады

172

Әуе компанияларында жүк тасымалдау тарифі биыл 25 пайызға қымбаттады.

Биыл әуе кемелері 25 мың тонна жүк тасымалдаған. Былтыр пандемия басталған кезеңмен салыстырғанда бұл 61 пайызға көп.

Статистикаға сүйенсек, азаматтық авиация саласындағы компаниялар былтыр 350 млрд теңге шығынға батқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, былтыр ұшақтар небары 4 млн адамға қызмет көрсеткен еді.

Биыл әуе кемелері 7 млн 800 мың жолаушы тасымалдаған. Кіріс те екі есе өсіп, 300 млрд теңгеден асқан.

Шынар Оразова