ҚТЖ: Жүк тасымалдаушылар айыппұлдан босатылады

23
Фото Қазақстан теміржолшысы

Жүк тасымалдаушылар айыппұлдан босатылады. «Қазақстан темір жолы» компаниясы жыл соңына дейін жүк тасымалдаушыларға салынатын айыппұлды алып тастамақ. Бұл қараша-желтоқсан айларында астық пен ұнды ел ішінде және экспорттық бағытта тасымалдау өтінімдерін орындамағандарға қатысты.

Бұған вагондар паркінің артуы мен иесіз қалған поездардың көбеюі әсер еткен. Егін ору науқаны басталғалы трейдерлер мен ұн өндірушілер вагондардың жетіспеушілігіне шағымданып келеді. Мәселе қазанның ортасына қарай шешілуі тиіс еді, қыс түсті сең қозғалған жоқ,- дейді олар.