Кино өндірісі саласындағы қызметтер жыл ішінде 13,5 пайызға артты деп хабарлайды ranking.kz порталы.
3 тоқсанының қорытындысында кино, видеофильмдер мен телевизия бағдарламасы, фонограмма мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызметтер 31,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 19,3 пайызға жоғары. Экономиканың байқалмайтын секторын есепке алмағандағы қызметтер көлемі 30,9 млрд теңге болды.
Жыл ішіндегі өсім 17,5 пайызға жетті. Өңірлер шегінде қызметтердің негізгі бөлігін Алматы қаласы көрсетті. Бұл қалада көрсетілген қызметтер 21,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, үздік үштіктің қатарында Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары бар.
Шынар Оразова