«Отау» желісінің миллионыншы абоненті – Оңтүстікте!

308
Отау

Ұлттық жолсеріктік «Отау» телерадиохабар тарату желісі биыл 5 жылдығын тойлауда. Сәтті жоба санаулы телернаны көріп келген шалғай аймақтағы тұрғындардың үлкен сұранысына ие болып, ауыл және қала арасындағы ақпараттық теңсіздікті жойды. Желінің миллионшы тұрғыны біздің облыста тіркеліп отыр.

Отау

«Отау» желісінің өкілдері мерейтойлық тұтынушыға теледидар тарту етіп, оператор қызметінің толық пакеті ұсынылды. Енді бұл азаматшаның жыл бойына жүзден аса отандық және шетелдік каналды тамашалауына мүмкіндігі бар.

Ақарыс аулының тұрғыны Тамара Биназарова аналогты антеннамен небәрі санаулы ғана телеарнаны көрумен шектелгенін айтады. Жаңа жыл қарсаңында балаларына сыйлық жасауды ұйғарған кейіпкеріміз «Отау ТВ» операторының тегін пакетіне қосылды. Облыс әкімінің орынбасары мерейтой иелерін миллионыншы тұтынушысымен құттықтады.

[youtube]https://youtu.be/fG_chHRPuik[/youtube]

«Казтелерадио» АҚ басшылығы тілшілерге аналогты анттена мен цифрлы теледидардың айырмашылығын көрсетіп берді. Цирфлы сигналдың көрермендерге жеткізілуін жіті таныстырды.

Сонау Кеңес дәуірінде орналған мына алпауыт таратқыштар енді өз жұмысын тоқтатады. Замануи цифрлы қондырғылар 200 мың жерлесімізге қызмет көрсетеді. «Казтелерадио» АҚ бұл жетістіктермен де тоқтап қалмақ емес. Екі жылдың ішінде цифрлы теледидар еліміздің барлық тұрғындарын қамтитын болады.