Машина жасау саласына арналған микрочиптер

108

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне бірнеше ұсыныс айтты. Соның бірі – ЕАЭО елдерінде машина жасау саласына арналған микрочиптер шығару.

«Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте экслюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын», — деді Тоқаев ЖЭЕК отырысында.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент кәсіпорындардың сұранысын толығымен қанағаттандырып, болашақта экспортты жолға қоятын өндірістік база құру қажет екенін атап өтті.

Айта кетері, ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы  онлайн форматта өтті. Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысты.

Шынар Оразова