«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы тағы да жаңа техникалармен толығып жатыр. Бұл жолы серіктестік жоғары кернеулі жүйелердегі ақауларды анықтауға арналған жылжымалы электротехникалық зертханасын сатып алды.
Бұл су жаңа озық үлгідегі техника енді Шымкент халқын сапалы электр энергиясымен қамту мақсатында қалалық электр желісі мекемесінде қызмет ететін болады. Бұдан бөлек, серіктестік инвестициялық бағдарлама аясында қажетті құрылғылармен жабдықталған АГП-12 автокөтергішін пайдалануға берді.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған германиялық зертхана Шымкент қалалық электр желілері бөлімшесіне табыс етілді. «Оңтүстік Жарық тарзит» ЖШС-дегі кабельді желілері қызметінің инженері Жалғас Оралбеков астаналық мамандардан су жаңа техниканы қабылдап алды.
Жалғас Оралбеков, «ОЖТ» ЖШС кабель желілері қызметінің инженері: «Ресейлік лабораториямен жұмыс істегенбіз. Салыстырмалы түрде жаңа технология бойынша бұл жақсы деп ұсынғаннан кейін осыны кұру үстіндеміз. Бүл зертхана қалалық высоковольтты жүйелердің бұзылған кабельдердің ақауларын іздеп табуға, соларды уақытылы жөндеу және халыққа үздіксіз электр жарығын берумен айналысамыз».
Жылжымалы электротехникалық зертхана екі бөліктен тұрады. Операторлық бөліктегі орталық басқару блогы бүкіл жүйені бақылауға мүмкіндік береді. Ал зертхананың екінші бөлігінде оқшауланған кабельдерге қуат көзін беру арқылы жоғары кернеулі кабельдердегі ақауларды тез арада анықтауға болады.
Айта кету керек, биыл Шымкент қалалық электр жүйелері мекемесі су жаңа әрі аса қажетті күрделі техникалармен толықты. Бұл өз кезегінде мекемедегі мамандардың жұмыс сапасын жақсартады. Серіктестік қалалық энергетиктердің пайдалануына барлық құралдармен жабдықталған өте ықшамды қалалық типтегі автокөтергіш кілтін табыстады. Сала мамандары мегаполис тұрғындарының игілігі үшін берілген АГП-12 деп аталатын арнайы техника 12 метр биіктікке 200 келілік жүкті оп-оңай көтере алатынын айтады.
Болат Тәукебаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инженері: «Мынау АГП 12-міз қалаға қалалық электр желілері бөлімшесіне беріліп жатыр. Кранның биіктігі 12 метрге дейін көтеріледі. АГП-12-нің кез келген жерге кіре алады, қиын өзге техника кірмейтін жерге де кіріп жұмыс істейді».
2021 жыл » Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС үшін табысты жыл болды. Инвестициялық бағдарламалар аясында компания жоспарланған жұмыстарды ойдағыдай атқарды. Жыл соңына дейін тағы бірнеше техника арнайы бригада қолына тапсырылады деп күтілуде.
Шынар Оразова