«ОңүстікЖарықТранзит» ЖШС Бәйдібек ауданында жаңғырту жұмысын жалғастыруда

144

«Оңтүстік ЖарықТранзит» серіктестігі «2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданындағы Шаян, Таңатар, Қазата, Түйетас елдімекендерінде тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарды жаңалап, қуаттылығы жоғары трансформаторларды орнатып жатыр.

Бұл өз кезегінде елді мекендерді сапалы қуат көзімен қамтуға сеп. Ерте көктемде табиғи апатпен күрескен энергетиктер енді жоспарлы жаңғырту жұмыстарын жандандырып жатыр.

«Оңтүстік ЖарықТранзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы Бәйдібек ауданының электр жүйесі бойынша «Қапшағай» су қоймасы мен осы маңдағы 3 бірдей елді мекенді қамтитын жаңа желі тартылды.

Қуаттылығы 10 киловольттық желінің ұзындығы 16 шақырымнан асып жығылады. Бұған дейін елсіз айналма бағытпен жүргізген желіні энергетиктер енді тас жол бойымен тартып шықты. Стратегиялық нысан маңындағы 3 ауылға 0,4 киловольттық әуе желісі мен оқшауланған желіні де жүргізді

Асылхан Дүрмәнов, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС Бәйдібек аудандық электр желісінің бас инженері: «Қазата елдімекеніне 0,4 линиясы бойынша 2/52 километр СИП кабель ауыстырылды, қосуға дайын тұрмыз. Бағаналар саны 142. Екінші  кезекте әуе желісі бойынша кабельдер  2/50  тартылып, 83 бағана орнатылды. Оған қоса, қуаты 160 КА трансформаторды бұрынғы екі қуаты 100-КА трансформаторлармен бірге  орнатамыз. Іске қосылғаннан кейін ешқандай проблема туындамайды».

Инвестициялық бағдарлама аясында Бәйдібек ауданнындағы 5 елдімекенде тозығы жеткен электр желілері, ескірген бағаналар жаңаланып, Шаян елдімекенінде қуаты жоғары екі трансформатор, Ақтас ауылына бір трансформатор орнатылды. Әлеуеті жақсарған халықтың тұтыну қабілеті де артқан.
«Біздің ауылда қыста суықта, желдің салдарынан электр жарығы сөніп қалатын. Енді міне барлығы бағаналар, сымдар жаңаланып. Енді жақсы болды, жігіттерге рахмет, деп ризашылығын білдірді», – аудан тұрғыны Тұрғынбек Бейсенбеков.

Қазан айында Түйетас елдімекенінде ұзындығы 2 жарым шақырымды құрайтын 0,4 киловольттық оқшауланған жаңа желіні тарту жоспарланып отыр. Айта кететін жәйт, биыл ерте көктемде дүлей дауыл салдарын жоюға энергетиктер барын салып, қысқа мерзімде жүйелерді қалпына келтірген болатын. Ендігі кезекте жоспарлы жаңғырту жұмысын жандандыруда. Бұл ауқымды тірлік те компанияның өз инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.