Қазақстанда «Жайлы тұрғын үй» жаңа бағдарламасы іске асырылады

192

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады. «Жайлы тұрғын үй» деп аталатын жобаны Отбасы банкі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге іске асырмақ.

Бұл «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» секілді бағдарламаларды біріктіру арқылы жасалмақ. Өйткені, әр түрлі бағдарламалар болса, тұрғындар тарапынан түсінбеушілік те, наразылық та көп дейді қаржыгерлер. Сол үшін жаңа бағдарлама барлығына ортақ.

Алғашқы жарнасы 10 пайыз болмақ. Сондай-ақ, 2 пайызбен баспана алу бағдарламасының талаптарын да жеңілдеттік дейді.

Мәселен қазір «Бақытты отбасы» арқылы шаршы метр алу үшін міндетті түрде үй кезегінде тұру керек. Енді мұндай шартты алып тастау көзделген. Яғни, табысы отбасы мүшелеріне шаққанда 70 мыңнан аспайтын барлық адам бұл ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндік алмақ. Өзгерістердің қашаннан бастап күшіне енетіні әзірге белгісіз.

Шынар Оразова