Құрылыс материалдары өндірісінде 2 ірі жоба іске қосылды

103

Биыл  ел аумағында құрылыс материалдары өндірісінде 2 ірі жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Бірінші жоба  Ақтөбе облысында «Зерде-Керамика» кәсіпорнын кеңейту аясында жобалық қуаты 5 млн. шаршы метр болатын зауыт іске қосылды. Бұл елдегі керамика плита өндірісі қуатын 3 есеге  арттырды.

Екінші жоба. Биыл  желтоқсанда «Orda Glass» ЖШС-нің табақ шыны құюға арналған кәсіпорны іске қосылды. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, зауыт алғашқы өнімін келесі жылдың сәуір айында нарыққа шығаруды жоспарланып отыр.

Шынар Оразова