Салықтан қарыздансаңыз әр күн үшін өсімпұл төлейсіз

115

Салық төлеушілердің назарына! 2020 жылға мүлік және жер салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші қазанында, көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталды. Салықшылар, міндетті төлемдерді өтемеген жағдайда өсімпұл есептеліп қана қоймай банктегі есепшоттар бұғатталады, шетелге асып өте алмайтындығыңызды ескертеді.

Владимир Нұрлыбаев жылдың соңында уақыт тауып міндетті төлемдерді өтеуге келіпті. Мүлік пен қатар көлігінің салықтарын төлеуді ұйғарыпты.

2020 жылдағы мүлік және жер салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінде аяқталды. Әл Фараби ауданында мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша бүгінде 43 мың 590 жылжымайтын мүлік тіркелген. 14 мың 900 салық төлеушінің берешек қарызы 80 млннан астам.

Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі: «100 мың теңге қарызыңыз болса сот орындаушылары осы сомадан 25 пайызын еңбек ақысын алады. Есеп шоттарыңыз, жылжымайтын мүліктеріңізге шектеу қойылады».

Жеке тұлғалардың 2020 жылға көлік салығы бойынша 49 мың 351 салық төлеушіге 770 млн. салық есептелген. Аталған міндетті төлемді өтеу мерзімі 2021 жылдың 1-ші сәуірінде аяқталды. Бүгінгі күнге 4 мың 900 азаматтың көлік салығы бойынша 228 млн. берешегі бар. Сала мамандары берешегі бар азаматтарды жылдың соңына дейін қарыздарын төлеуге шақырады.

Шынар Оразова