Úı ANONS 1 млрд теңге: 18 мың адам көлік салығын төлемеген

1 млрд теңге: 18 мың адам көлік салығын төлемеген

Көлік салығын төлеңіз. Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелерін салықты дер кезінде төлеуге шақырады. Уақытылы төлем жасау артық шығындар мен шектеулерден сақтанудың ең тиімді жолы дейді мамандар. Кірістер деепартаменті өкілінің айтуынша, 420 мыңнан астам адам салық төлеуі тиіс. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 7 млрд. теңгені құрайды. Ал, бірнеше жылдан бері қарызы жиналып қалған тұлғалардың саны 18 мыңнан асып отыр. 

Салықты уақытында төлемеу бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Ең алдымен, кешіктірілген әрбір күн үшін 1,25 пайыз көлемінде өсімпұл есептеледі. Бұдан бөлек, салық қарызы ұзақ уақыт өтелмеген жағдайда, борышкердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін. Тағы бір маңызды жайт берешегі бар азаматтарға қатысты шетелге шығуға уақытша тыйым салынады. Яғни, қарыз толық өтелмейінше, елден шығу мүмкіндігі шектеледі. Ол аздай, көлік жүргізу құқығынан айырыласыз.

ШЕРХАН УӘЛИХАНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Мерзімінде төлемегендерге мемлекеттік кіріс органдар тарапынан екінші сәуірден бастап берешегін өтеу туралы хабарлама жолданатын болады. Хабарланың орындалу мерзімі 30 жұмыс күні. Сол аралықта төлемеген жағдайда салық бұйрығы шығарылады. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде төлемеген жағдайда салық бұйрығын сот орындаушыларға өндіріп алу үшін жіберіледі».

Салық төлеушілерге 20 шы наурызға дейін push хабарламалар  егов порталына, немесе банктік мобильді қосымшаларына жолданатын болады. Сонымен қатар, әрбір тұлға  е салық, kgd. гов.кз порталына кіріп, өз салығын есептей алады. Ал, арнайы жеңілдігі бар бірқатар қалалықтар көлік салығынан босатылады.

ШЕРХАН УӘЛИХАНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Көлік салығынан ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген аналар, Даңқ орденімен, Қазақстанның Еңбек ері наградалары бар адамдар бір көлік салығынан босатылады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар босатылады».

Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, қала бойынша  422 мың көлік құралына 7 млрд 417 млн теңге көлемінде салық есептелген. Бүгінгі күнге дейін бұл соманың бір бөлігі ғана төленген. Атап айтқанда, 5 500 салық төлеуші 106 млн. теңге көлемінде төлем жасап үлгерген. Бұдан бөлек, 24 мыңнан астам адамның жеңілдігі бар.

Нұргүл Жолымбетова