Шымкент пен Түркістанда жанар-жағармай жеткілікті ме?

149

Бірқатар БАҚ-да Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жанар-жағар май стансаларында бензин тапшылығы туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бүгінгі күні Шымкент мұнай өңдеу зауыты штаттық технологиялық режимде жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды. Кәсіпорын толық қуатына жүктеліп, тәулігіне 6 мың тонна бензин өндіруде.

Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру ҚР Энергетика министрлігімен бекіткен жоспардан тыс орындалуда.

Сонымен, ағымдағы айдың басынан бастап «ПҚОП» ЖШСда АИ – 92 маркалы бензин – 48,6 мың тонна, дизель отыны (қысқы) – 36 мың тонна, авиаотыны – 7,6 мың тонна, сондай-ақ 10 мың тоннадан астам басқа мұнай өнімдері өндірілді. Бензинді жөнелту мұнай жабдықтаушылардан түскен тапсырыстарға сәйкес уақтылы жүзеге асырылуда және тәулігіне шамамен 6 мың тоннаны құрайды, оның 2 мың тоннасы Түркістан облысына жөнелтіледі. Сол себептен, «ПҚОП» ЖШС тарапынан тапшылықтың туындауына ешқандай негіз жоқ.  Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістан облысына мұнай өнімдерін тиеу мәселесі «ПҚОП» ЖШС басшылығының бақылауына алынған.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсандағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы мұнай базаларындағы АИ-92 маркалы бензин қалдықтары 15,4 мың тоннаны құрайды, бұл облыстың 12 күндік тұтынуына тең

                                                                            «ПҚОП» ЖШС Баспасөз қызметі