Шымкенттік полицейлер есірткі затын алып жүрген азаматты анықтады. Абай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты қадағалау жұмыстарын жүргізген. Және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатқан.
Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды.
Аталған жайт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс» қылмыстық іс тіркелді. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 2,93 граммға жуық «марихуана» екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлихан Файзханов