Шымкенттік полицейлер жер телімін алдап сатпақ болған азаматшаны қолға түсірді.
Қаратау ауданының тұрғынынан, Полиция басқармасына, бейтаныс азаматшаның жер телімін сатамын деп, 5 000 000 тг-сін алып, қашып жүргені жөнінде арыз түскен.
Сатылуы тиіс болған жер, қаламызға қарасты « Ынтымақ » шағынауданында орналасқан көрінеді . Ауызша келісім — шарт арқылы құжаттарын алдағы уақытта рәсімдеп беретінін айтқан азаматша, ақшаны алғаннан соң хат хабарсыз кеткен.
Жедел — іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып , басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты, ҚР ҚК — нің 190 — бабы 1 — бөлігіне сәкес қылмыстық іс қозғалып , тергеу амалдары жүргізілуде .
Аида Қарсыбайқызы