Шымкент тұрғындары Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов қиылысындағы жолайырыққа қатысты шағымдарын білдірді. Айтуларынша, жолда қиылыс орнату арқылы шамадан тыс жүк түсірген. Мегаполис жүргізушілерінің арызына транспорт басқармасы қалай жауап берді?
Биыл ғана құрылысы аяқталған Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырықта көліктің шамадан тыс жүктелу мәселесі орын алуда. Бұл тек бағдаршам орнату арқылы шешілмек. Осылай деген Шымкент қалалық транспорт басқармасының басшысы жүргізушілердің арыз-шағымдарына жауап берді. Бүгінде барлық пікір ескерілген, енді жіберілген қателіктер бойынша жұмыс істеу ғана қалыпты.
Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Жолайырықта ешқандай кептеліс жоқ. Мұнда әлі де аяқталмаған жұмыс бар. Алдағы уақытта мәселелерді шешу үшін жұмыс істейміз. Барлық көлік жүргізушілерінің талабы орындалады. Бағдаршам қоямыз».
Шымкентте алдағы уақытта жалпы саны бес жол айрық салу жоспарлануда. Бүгіннің өзінде әлі құрылысы басталмаған нысандарға қатысты жауапсыз сұрақтар көп. Әсіресе болашақ құрылыс алаңына жақын орналасқан кәсіптік нысан иелерінің арасында автотұраққа қатысты сауал туындап отыр. Олардың айтуынша, жолайрық салынып жатқан кезде тұтынушылардың көлікпен жетуге мүмкіндігі болмай қалады.
Гүлзат Нарымбетова, кәсіпкер: «Біз өз ғимаратымызға жаяу барамыз, бірнеше жыл бойы үш қабатты ғимарат бос тұр, салық төлеймін, бірақ ешқандай пайда жоқ».
Сала жауаптыларының айтуынша алдағы уақытта жолайрық маңынан автотұрақ салу жоспарланған. Ал жалпы құны 14 миллиард теңгелік жолайырық құрылысы қаңтар айында басталады күтілуде.
Мөлдір Ибадуллаева