«Сиқырлы арман» қайырымдылық акциясы өтті

94

Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Сиқырлы арман» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында келген қонақтар «Ақбота» ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған бөбекжайдың, сонымен қатар «Үміт» мектеп-интернатынан және қазақ соқырлар қоғамынан 18 баланың армандары жазылған хаттарын оқыды.

Жаңа жылдық шыршаға ілінген хаттарды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және бірқатар басқарма басшылары оқып, бүлдіршіндердің арманын орындауға өз үлестерін қосты.

Гүлдана Дәурен