Назарбаев зияткерлік мектебі 300 қамкөңіл балаға қол ұшын берді

526
Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Зияткер оқушылар қайырымдылық көрсетті. Қаламыздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жалпыға ортақ еңбек қадамына 20 қадам» бағдарламасы аясында акция ұйымдастырып, 300 мүмкіндігі шектеулі баланы арнайы шақырды. Шара аясында концерттік бағдарламаларын көрсетіп, келген қонақтарға арнайы сыйлықтар мен керекті жабдықтар табыс етті. Сондай-ақ, шара соңында балаларға мерекелік дастархан жайылды.

Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды
Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды
Безымянный8
Көрерменге сахналық қойылым ұсынылды

Безымянный10

Безымянный9

Қаракөз Абдірахманова, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Бүгін біздің мектеп қабырғасында елеулі іс-шара өтіп жатыр. Мұндағы біздің негізгі мақсатымыз – балалардың бойындағы адамгершілік құндылықты сақтап, дамыту.  Сондай-ақ, мектеп оқушылары  ортамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың бар екендіігін сезініп, оларға көмек жасауды ұмытпау үшін ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта да көмекке зәру балаларға әрі қарай да көмек көрсетіп, қоғамда орын қалыптастыруға ат салысатын боламыз»

Мұндай шаралар мүгедек жандарды болашаққа деген сенімін арттырып, қоғамнан шет қалдырмауға септігін тигізеді. Сондықтан да Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы осындай қайырымдылық акциясын көптеп ұйымдастыруды әдетке айналдырған.

Безымянный