Полицейлер қан тапсырды

393
Полицейлер қан тапсырды

Шымкенттік полицейлер жол апатынан зардап шеккендерге  көмектесті. Бұл жолы тәртіп сақшылары жол апаты болған жерге емес, облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды. Осылайша қайырымдылық жасауды ұйғарған полицейлер апаттан жарақат алған жандарға аз да болса көмек береміз дейді.

Полицейлер қан тапсырды

Айта өтейік, шенділер биыл екінші рет қан тапсыруда. Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша, бұл күні кешке дейін 200-ге жуық учаскелік полицейлер мен ішкі істер қызметінің өзге де мамандары орталыққа келіп, қан тапсырады.

Осылайша бұл күні медициналық мекемеде қан қорының көлемі 100 литрге ұлғайды. Мұндағы мамандардың сөзінше, жыл соңына дейін кез келген мекеме қызметкерлері осында келіп қан тапсыра алады. Бұл үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өтсе болғаны. Ал қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.