Зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерін көтеру мерзімі кейінге шегерілді

50

Зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерін көтеру мерзімі кейінге шегеріледі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы хабарлады.

Берік Уәли, Президенттің баспасөз хатшысы:

«Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен дұрыс қадам. Бірақ, зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды»

                                                                                        Әлихан Файзханов