«Nur Otan» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

142

«Nur Otan» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жариялады.

Съезде үш мәселе қаралмақ. Біріншісі — партия төрағасын сайлау, екіншісі — жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және үшіншісі — саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу.

Еске сала кетейік, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен саяси ұйымның 21-съезі өтеді.

Шынар Оразова