«Nur Otan» партиясының депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне гүл шоқтарын қойды

184

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алаңына халық қалаулылары мен «Nur Otan» партиясының өкілдері жиналды.

Тәуелсіздік монументіне Шымкент қалалық филиалының басшысымен бірге партия депутаттары мен жастар қанатының өкілдері гүл шоқтарын қойды.

«Біз барша қазақстандықтардs аталмыш мерекемен құттықтаймыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы көп нәрсені аңғартады. Біз, «Nur Otan» партиясының депутаттары ретінде баршаңызға амандық, жақсылық тілейміз», – деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Әйгерім Жұмақұлова.

Салтанатты шарадан кейін жастар қанатының өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай флешмоб өткізді.