Шекті бағаны реттейтін нормативті актілер әлі қабылданбаған

104

Жергілікті билікке әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағалардың шарықтап кетпеуін қадағалау тапсырылды.

Үкімет бекіткен тізімде 19 өнім әлеуметтік бағада сатылуы тиіс. Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімінде ет те бар. Сондықтан да, сиыр етінің келісін бұл әлеуметтік дүкенде 2150 теңгеден сатуда. «Баға қолжетімді, бірақ барлық өнімдерге емес»,- дейді Болат Ахметов.
Болат Ахметов, қала тұрғыны: «Еттің  бағасы қолжетімді. Өйткені, былтыр шарықтаған бағаны ауыздықтау мақсатында үкімет етті экспорттауға тыйым салған болатын. Жақында елімізде орын алған жағдай көптеген мәселелердің бетін ашты. Халықтың 40 пайызы жастар. Олар қалай күн көреді. Қымбатшылық, жалақы аз. Базарда саудаласып әйтеуір қалаған затыңды аласың. Бағаны нарықтың өзі реттеп жатыр».

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарымен келісімшарт түзілген. Құжатқа сәйкес Үкімет бекіткен 19 өнімді әлеуметтік бағамен сатуы тиіс. Қазір бұл міндетті «Магнум» сауда желісі ғана орындауда, «Грамад» супермаркеті 17 өнімді әлеуметтік бағада саудалауда. Бағаны тұрақтандыруда жергілікті тауарөндірушілерімен де келісім жасалған.
Қайрат Базарбеков, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының азық-түлікпен қамту бөлімі басшысы: «Тұрақтандыру қорына ұнның қоры жасалды.  Қазір  бірінші сұрып ұн 152 теңгеден  босатылуда. «Шымкентқұс» ЖШС -ен келісім бар, қорабы 966  теңге, бір данасы 32 теңгеден сатылуда».

Шахардағы Елшібек батыр көшесіндегі әлеуметтік дүкенде картоптың келісі 120 теңге, пияз 75, ал сәбіз- 130 теңге,  қырыққабаттың келісі  100 теңге.
«Павлодарда  картопты 240-тан босатады, мына 120 теңге қайдан келген баға. Нарықта ондай баға жоқ.  Бағаны дұрыс реттеу керек»,- дейді Айткүл Алтынбекқызы.

Әлеуметтік дүкендерде өнімдер тез сатылып кетеді. Баға қолжетімді. Тұрақтандыру қорындағы өнімдерге баға статисттердің ресми мәліметі негізінде жасалатынын алға тартқан кәсіпкер шынайылық болса екен дейді.
Акбар Магомедов, кәсіпкер: «Статистика департаменті  өнімдерге шынайы бағаларды көрсетсе екен. Ал өнімнің сапасына айтарым бір қапта жақсы болса, бірінде жартысы жарамсыз болып жатады. Бірақ келісімшарт түзілгеннен кейін оны біз өз есебімізден өтейміз».

Шымкент қалалық статистика департаментіндегілер апта сайын бағаларға мониторинг жүргізіледі. Және оның нәтижесі бейсенбі-жұма күндері ресми жарияланады дейді.

Елена Евдокимова, Шымкент қаласы статистика департаментінің бөлім басшысы: «Жыл басынан 11 қаңтарға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 0,1 пайызға көтерілді. Қарақұмық-3,4 , ал қырықабат 3,4 пайызға қымбаттағыан. Ал осы аптада құмшекер мен қырықабаттың бағасы  өскені байқалады. Тұрғындарға айтарым, базарлардан гөрі өнімді әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұрған ірі сауда орындарыннан алғандарыңыз тиімді. Кейбір тауарлар шекті бағадан да арзан сатылады».

Егерде әлеуметтік дүкеннің жұмысына , әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шағымдарыңыз болса азық түлікпен қамту бөліміне 24-41-75 телефоны арқылы хабарласуға болады. Бағаны негізсіз шарықтатқан бизнес субъектілеріне де әкімшілік ажаза көріледі.

Қайрат Базарбеков: «Сауда үстемесін 15 пайызға асырған кіші бизнес өкілдері 10 АЕК айыппұл төлесе, орта бизнес -70 АЕК, ірі бизнес субъектілері 300 АЕК айыппұл төлейді. Алдымен ескерту жасалады, қайталаса, шара көріледі».

Айтпақшы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаны тұрақтандыруда шекті бағаны анықтап алу қажет сияқты. Алайда, оны реттейтін нормативті актілер әлі жоғарыда қабылданбапты.

Шынар Оразова