Елдегі жағдайдың тез тұрақталуына шымкенттік кәсіпкерлер де өз үлесін қосуда. Жанар-жағармай сататын серіктестердің бірі өз желісінде АИ-92 маркалы бензиннің литрін 169 теңгеден сатып жатыр. Осыған дейін баға 174 теңге болатын. Арзандаған бағамен- дизель отыны да босатылуда. Бір литрі -223 теңгеден сатылымға қойылған.
Екі күн бұрын ЖЖБ бұл отын түрі 225 теңгеден босатылған болатын.
Шынар Оразова