BRENT маркалы мұнайдың бағасы арзандады

21
фото Егемен.кз

BRENT маркалы мұнайдың  баррелі 81 долларға арзандады. Оған Қытай мен Америкадан келетін жанармайға сұраныстың азаюы себеп,- дейді мамандар.

Сарапшылар алдағы уақытта оның нарықтағы бағасы құлдырап,, барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Дегенмен ол, еліміздегі мұнай нарығына еш әсер етпейді.

Айдархан Құсайынов, экономист: «Қазақстандағы мұнай бағасының ешбір жағдайға тәуелділігі жоқ деп айта аламыз. Яғни. оған ештеңе әсер етпейді. Мәселен елімізде,, оны ішкі нарыққа жеткізу міндеттемесі бар. Тек соның заңдылығына сәйкес жұмыс істеу керек. Сондықтан «жанармай бағасы – әлемдік баға тұрақсыздығы салдарынан өзгеріп отырады» деген пікір – дұрыс емес».